еда, чистота, комфорт, интерьер расположение, отсутствие звукоизоляции
4,0
Baimanova
01.07.2024
5,0
Өте керемет қонақжай!
Бәріне сәлем! Қазақстанның Астана қаласынан боламыз. Түркия мемлекетіне жыл сайын келіп, демаламыз. Өткен 2023 жылдың жазында Алачати/Чешме қалашығында демалдық. Өте қатты ұнаған болатын. Міне, биыл да осы Алачати/Чешме қаласында демаламыз деп шештік. Чешменің Аделфия Бутик Отель қонақжайында
керемет 10 күнімізді өткіздік. Бұл қонақжайдың иелері Айла ханым, Суат бей, балалары Чары бей, Чарын бей және ұлдарының жұбайлары, бәрі өте сыпайы, мейірімді, жылы жүзді, қонақжайлы адамдар. Қонақжайдың үлкен, таза бақшасында әдемі ағаштар, гүлдер, отырып демалатын орындары, үлкен, таза бассейні және таңғы ас өтетін арнайы алаңы бар. Сүйкімді Челси атты иттері және Паша атты марғаулары бақшада рахаттанып, демалып жүреді. Біздің бөлме 2 қабатта орналасқан болатын. Бөлме кең, таза, әдемі, балконы бар. Балконда үстел, орындықтар, кір жаятын арнайы жер, қысқыштар да бар. Балконда күн батымына қарап, кешкі ас ішу ерекше әдемі.Тоңазытқыш, ауа баптағыш (кондиционер) жақсы жұмыс жасайды. Теледидар бар. Шәйнек жоқ. Кереует кең, таза, матрас өте жақсы. Жуынатын бөлме үлкен. Wifi (интернет) бөлмеде де, бақшада да жақсы жұмыс істейді. Бөлмелерді күнде жинап, жуады, жалпы қонақжайды тазалықта ұстайды. Қонақжайдың жанында аялдама бар, өте ыңғайлы. Мини бас (долмуш) Алачати, Чешме, Ылыджа жағажайына (пляж) қатынайды.Букингтегі суреттер, қонақжай жайлы жазылған пікірлер шынайы. Соларға қарап, таңдаған болатынмын. Қонақжайда үйдегідей сезінесің. Аделфия Бутик қонақжайы отбасына көп рахмет! Демалысымыз өте жақсы өтті. Ұнағаны соншама, тағы 5 күнге қаламыз деп шештік... Демалысымыз жалғасуда...Райхан ханым және қызым Сабина Ешқандай шағым жоқ. Бәрі ұнады.