Орналасқан жері мен жалпы тазалығы, персоналдың жұмысы, бюджеті өне ұнады. Бөлме таза, барлық базалық жағдай жасалған. Аэропорт автобустарымен жету оңай, айналасында мейрамханалар мен дүкендер көп. Туристік орындарға жақын. Персонал өте жақсы жұмыс істеді, бәрін түсіндірді, бірдеңе қажет болса,
лезде әкеліп берді. Бөлмені босатқан соң ұшуға дейін біршама уақыт бар еді, багажымызды қойып кетуге рұқсат берді. Екі адамдық бір кереует деп айтқанбыз, екі кереуетті жылжытып қоса салған. Ұйықтағанда матрас жылжып, ортасына түсіп кетіп, ыңғайсыздық тудырды. Терезе аулаға қарап тұрғандықтан, күн сәулесі мүлдем түспеді. Бөлме салыстырмалы түрде салқын болды.
Подробнее